10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАҢА ЗАҢ ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІН ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

Жыл басында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Өсімдіктер әлемі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойған болатын. Аталған заң 7 наурыз күні күшіне енді.
Осыған орай бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде «Өсімдіктер дүниесі туралы» және оған ілеспе заңдар аясында бекітілген жаңа нормаларды түсіндіруге арналған кеңес өтті.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті орман шаруашылығы басқармасының басшысы Мәди Нұрпейісов жаңадан қабылданған заңдардың маңызы мен ерекшеліктері жайлы жан-жақты баяндап берді.
–Бұл заң елімізде өсетін өсімдік бірлестіктерін қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. Өйткені, өсімдіктер – барлық дерлік экожүйелердің негізі, соның арқасында бұл экожүйелер өздерінің өміршеңдігін сақтайды және адамдардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді, – деді М.Нұрпейісов.
Министрлік өкілінің айтуынша, бұл заңның ережелері бүкіл республика бойынша өсімдік ресурстарының есебін жүргізуге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларының өзгерістерін талдауға, сондай-ақ, өсімдіктер дүниесі объектілерін экономикалық бағалауға мүмкіндік береді. Оған қоса жаңа заңға сәйкес мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық бақылау институттары енгізіледі.
–Заңнаманың басты жаңалығы – өсімдіктер дүниесінің жекелеген түрлерінің айналысы саласында хабарлау тәртібін белгілеу. Бұл отандық кәсіпкерлердің фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық өнімдерді өндіру үшін өсімдік ресурстарын заңды түрде ұтымды пайдалануына жол ашады. Нәтижесінде шағын және орта бизнесті дамытуға, осы салаға инвестиция тартуға, сондай-ақ, өсімдік әлемін арнайы пайдаланғаны үшін кәсіпкерлік субъектілеріне алым төлеу арқылы мемлекеттік бюджеттің кірісін арттыруға мүмкіндік береді, – деді М.Нұрпейісов.
Айта кетейік, Қазақстанда жоғары тамырлы өсімдіктердің 6 мыңға жуық түрі, саңырауқұлақтардың 4 850 түрі, балдырлардың 2 000 түрі, мүк пен қынаның 1 мың түрі кездеседі. Осы өсімдіктердің 387 түрі «сирек кездесетін немесе жойылып кету қаупі төніп тұрған түр» ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ҚҰРАМА ЖАС САРБАЗДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

smarttop

Түркістан облысында діни әдебиеттерді заңсыз сату дерегі анықталды

smarttop

Пікір қалдыру