16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 12 ТУРИСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Климаты мен географиялық орналасуы қолайлы болып табылатын үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады. Бұл әлеуеті жоғары Шымкент қаласының аймақтағы ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.
Туризм саласындағы бұл инвестициялық жобалар — «Diamond Hotel», «Barsa», «Таукехан Plaza», «Cosmopolitan Hotel», «7Jol» сияқты жайлы қонақ үйлер мен демалыс кешендері бой көтеріп, іске қосылады. Жобаларды жүзеге асыру құны 9 млрд теңгені құрайды. 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Өткен жылы қаламызда «Пана», «Дора», «Grand Villa Hotel», «Wind hotel», «Big rooms», «Graf» қонақ үйлері сынды 6 жоба жүзеге асырылып, 145 адам жұмыспен қамтылған болатын.
Бұл жұмыстар қаламыздағы орта және шағын бизнестің өркендеуіне оң әсер етіп, тұрақты табыс көзі мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Шымкент Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар Қазақстанның МІСЕ туризмінің орталықтарының бірі болуға барлық алғышарттарға ие.

Оған қаланың ыңғайлы географиялық орналасуы, әртүрлі бағыттағы               іс-шараларды өткізуге қолайлы инфрақұрылымы, ивент және жарнамалық агенттіктердің болуы жағымды әсер етеді.

Осы ретте, біз қала туризмін дамытудағы басты бағыттардың бірі ретінде – оқиғалы туризмді дамытуды қолға алып отырмыз.

Мәселен, егер бірінші жартыжылдықта «Наурыз» және «Қала күні» сияқты мерекелер аясында «Дәмдәстүр», «Балмұздақ фест» гастрономиялық фестивальдерінен тұратын оқиғалар қатарын қалыптастыруға баса назар аударсақ, ал күзде талантты жастар мен туристік бизнесті қолдау үшін имидждік іс-шаралар құруда үлкен жоспарларымыз бар. Осы кезеңде «Мобилография» фестивалін, «Shymkent Tourism Awards» конкурсын, цитадельде лазерлік шоу, қолөнершілерді қолдау аясында «Этно Шымкент» фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

smarttop

ТҰРАН ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҮШІН АБОНЕНТТЕУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУДА ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ДАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру