16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ТАССАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Тассай шағын ауданын инженерлік инфрақұрылым жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді. Қазір елдімекенге табиғи газ, кәріз жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін газдандыру құрылысы 70 пайызға, кәріз жүйелерін жүргізу 87 пайызға аяқталған. Инфрақұрылым жұмыстарына 60 адам, 12 техника жұмылдырылып отыр. 68,8 шақырымды құрайтын газ жүйелерінің құрылысы толық аяқталғанда 3 мыңнан астам отбасы табиғи газ көзіне қосылады. Жоспарға сай газдандыру, кәріз жүйелерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымды тиісті талаптарға сай жүргізіп, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр.
Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тассай елді мекені сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, кәріз жүйесімен қамту құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 115,2 шақырымды құраса, бүгінде оның 66,3 шақырымы орнатылып, құрылыстың 62 пайызы аяқталды. Пайдалануға беру мерзімі келер жылға өтпелі.
Айта кетейік, шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. 2021 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті.Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді.

Ұқсас ақпараттар

Шымкенттік полицейлер қалалық арбатта тонау қылмысын жасаған азаматты ұстады

smarttop

КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 14 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру