Smarttop.kz

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Өңір басшысы алдымен Түркістан қаласы, Қ.Исабеков көшесінде орналасқан өрт сөндіру ғимаратын қайта құру, жаңарту жұмыстарын көрді. Түркістан қаласы әкімдігінің тапсырысымен қолға алынған құрылыс биыл қараша айында аяқталады деп жоспарланған.
– Мемлекеттік тапсырысты алған соң жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қатаң бақылауға алынсын. Түркістан қаласындағы инфрақұрылым жұмыстары зерттеліп, жоспарланып жүзеге асырылуы тиіс. Демографиялық өсім ескеріліп, шаһар соған сай дамытамыз. Алдағы уақытта көлік ағымы да ұлғаюы мүмкін. Бұл ретте жолдарды кеңейту, асфальт төсеу, сапасын жақсарту, жаңа жолдарды қолданысқа енгізу маңызды. Жауапты басқармалар мен қала әкімдігі құрылыс барысын қадағалауда ұстап, жұмыс сапалы атқарылсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкіміне Қазыбек би-О.Жарылғапов көшелері аралығындағы жолдың құрылысы таныстырылды. 2,5 шақырымға созылатын жол 4 жолақты. Құрылысты іске асыру мерзімі – 2023 жылдың соңы. Жоба құны – 1718,2 млн. теңге. Сонымен бірге өңір басшысы Ә. Жангелдин көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жолдың ұзындығы – 3,8 шақырым. Санаты – жалпықалалық 4 жолақты магистралды жол.
Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны бөлу, үйлер мен жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке алу барысындағы мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Дархан Сатыбалды жолдарды сапалы жүргізуге қолдау көрсетілетінін, көшелердің жан-жағын абаттандыру жұмыстарын да назарда ұстауды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛІП ОТЫР

smarttop

Полицейлермен «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы кезінде 1100-ден астам объект тексеріліп, 500-ден аса хаттама толтырылды

smarttop

Шекарадан «марихуана» алып өтпек болған шетелдік қамауға алынды

smarttop

Пікір қалдыру