16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

🔷Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

«Жалпы, қоғамымызда заң мен тәртіптің үстемдігі болуы қажет. Басқа жолмен ешқандай жұмыс табысты болмайды, тек бос сөз бен жалған ұрандардың астында қаламыз. Әрбір әлеуметтік мәселені қаншалықты күрделі болса да, әсіре саясиландырудың қажеті жоқ. Біз бәріміз бір мемлекет болып, бір қоғам болып кез келген түйткілді шеше алатынымызға ешқандай күмән болмауға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

«Аузы дуалы қарттарымыз әрдайым елдің ұйытқысы болған. «Қариясы бар елдің қазынасы бар» деген сөз содан қалған. Біз халқымыздың игі дәстүрлері мен қазіргі заманның талаптарын үйлестіре білгеніміз абзал. Осы орайда, мен Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыру керек деп санаймын.

Шын мәнінде, ел ішінде жастарға ақыл-кеңесін айтып, дұрыс жол сілтейтін данагөй қарияларымыз аз емес. Ақсақалдарымыз өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ел бірлігін сақтауға атсалысып, ортақ іске зор үлес қосары анық. Ақсақалдар кеңесі барлық аймақта бірдей белсенді емес», деді Президент.

Бұдан соң, ол қазақ қай заманда да үлкенін сыйлаған, ақсақалдардың аталы сөзіне тоқтағанын еске салды.

🔷Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотановтың қатысуымен өткен жиында кеңестің ережесі мен құрамы бекітілді. 🔹Кеңес құрамында жасы 60-тан асқан ақсақалдар мен этнос өкілдері және қоғам белсенділері бар. Басқосуда мекемелер мен кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек құқығының сақталуы және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуы талқыланды. 📑Күн тәртібіндегі тақырыптар аясында баяндамалар жасалып, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берілді.

Ұқсас ақпараттар

ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

smarttop

«ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ – 2022» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

smarttop

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру