Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі.Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Лауреаттар үш санатта беріледі:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында емес, банкрот деп танылмаған;
3) ҚР еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) ҚР аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі. Үміткерлер барлық қажетті материалдарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ұсына алады. Мекен-жайы: Шымкент қ, Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі,89 (47 каб)
КӘЖ қағидаттарында құрылған бизнес-қоғамдастықта іскерлік
практиканы қалыптастыруды ынталандыратын қолайлы ортаны
қалыптастыру мақсатында республика бойынша жыл сайын «Парыз»
конкурсы өткізіледі. Бұл бірқатар жалпыұлттық міндеттерді шешу, атап
айтқанда, әлеуметтік-еңбек кепілдіктерінің қалыптасқан деңгейін сақтау
және жаңа инновациялық экономика құру шеңберінде кәсіпкерлік, социум
және мемлекет мүдделерін үндестіруге мүмкіндік береді.
Конкурс шеңберінде оның қатысушылары өз бағдарламаларын
ұсынады, ал орталық мемлекеттік органдар, кәсіподақтар және жұмыс
берушілер қауымдастықтары өкілдерінің қатарынан құрылатын комиссия
әзірленген әдістемеге сәйкес олардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін
бағалайды.
«Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ «Парыз 2023»
Республикалық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды.
Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде
өткізіледі. Конкурс лауреатының лауазымы екі санатта беріледі:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі
және келесі номинациялар бойынша:
1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
2. «Үздік ұжымдық шарт»
3. «Экологияға қосқан үлесі үшін»
4. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»
Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.
Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары ұсыну мерзімі – 2023 жылғы
20 маусымға дейін.