Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті бірыңғай қабылдауы қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, талап-тілектерін жеткізді. Жиналған көпшілік көбінесе тұрғын үй кезегі, жер және жол мәселесі, жұмыссыздыққа қатысты толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, талап-тілектерін жеткізді. Жиналған көпшілік көбінесе тұрғын үй кезегі, жер және жол мәселесі, жұмыссыздыққа қатысты толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис тұрғындарының мәселесіне орай тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, оның оңтайлы орындалуына 1 ай көлемінде уақыт берді. Сондай-ақ, бірыңғай қабылдауда әрбір тұрғынның қойған жеке сауалына жауапты сала бойынша басқармалардың мамандары бетпе-бет жүздесіп, келісілген мерзімде көтерілген мәселелердің жедел шешімін табуын назарға алды. Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі Шымкент қаласындағы әрбір шағын аудан мен тұрғын алаптың өз емханасы болуы тиіс екенін айтты. Бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтуға және медициналық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, — деді ол.
Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис тұрғындарының мәселесіне орай тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, оның оңтайлы орындалуына 1 ай көлемінде уақыт берді. Сондай-ақ, бірыңғай қабылдауда әрбір тұрғынның қойған жеке сауалына жауапты сала бойынша басқармалардың мамандары бетпе-бет жүздесіп, келісілген мерзімде көтерілген мәселелердің жедел шешімін табуын назарға алды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі