Қадірменді қала тұрғындары! Құрметті Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері! Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әскеріміз қашан да мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыздың кепілі. Еліміздің әскери қызметшілеріне халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірі жолындағы адал қызметі үшін алғысымыз шексіз! Ұландарымыз — еліміздің берік қорғаны әрі тұтастығымыздың сақшысы! Біз басты байлығымыз — тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қамал болған ұлттық әскерімізді қашан да мақтан тұтамыз! Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ел ішінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Соның бірі — елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қарулы күштерге, әскери қызметкерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналды. Отан қорғаушылар күні «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің бірі болып саналады. Мұның үлкен әлеуметтік және саяси маңызы бар. 1992 жылы 7 мамырда Президент Н.Ә.Назарбаев қол қойған Жарлық негізінде Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Бүгінгі күні 7 мамырда Қазақстанда тұратын барлық ер адамды құттықтау дәстүрге айналып кетті. Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын! Жанарыңызда сенімнің оты лауласын! Ал жүрегіңіз халқыңызға деген махаббатқа толы болсын! Біздің әскерімізге сіз сияқты адамдар қажет. Себебі қазақ жерін мекендейтін әрбір адам өмірін сіз секілді ержүрек қорғаушыларға сеніп тапсырып, тыныш ұйықтай алады. Мейрамыңызбен! Әскеріміздің қуаты нығайып, абырой-даңқы арта берсін! Айбынымыз әрдайым асқақ, байрағымыз қашан да биікте желбіресін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, бейбіт күндерімізді баянды болсын!