Бүгін — 7 мамыр айбынды Отан қорғаушылардың жалпыхалықтық мерекесі. Мерекеге орай Әл-Фараби алаңында «Ел қорғаны — ел қорғаған батырлар» атты мерекелік іс шара өтті. Мерекелік кеште Шымкент мәдениет үйінің өнерпаздары, 35748 Әскери бөлімінің «Барлау» ротасы, 6506 әскери бөлімінің оркестрі, опера және балет театры, Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің өнерпаздары, мектеп оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Нақышында орындалған патриоттық әндер көпшіліктің рухын асқақтатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Қазақстан халқының қалауымен өмірге келген Негізгі Заңымыз — тәуелсіздікпен егіз ұғым! Біз кемел Конституцияны Тәуелсіздік арқылы қабылдадық. Ата Заң — біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Бүгінде дүние жүзі мойындаған өркенді өнегелеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ұлы далада жаңа тұрпатты қуатты мемлекет құрып, ұлысты ұйыстырдық.
Әскери шеру – елдің ішкі және сырты қорғанысын көрсетуге бағытталған, атаулы бір күнде жүзеге асатын мерекелік шара. Әскери шеру кезінде елдің барлық әскери құрылымы жұмыла өнер көрсетеді. Атаулы күн деп отырғанымыз, елдің тәуелсіздік алған күні, жеңіс күні сол секілді азат етілген қалалар мен елдің маңызды оқиғалары үшін ұйымдастырылған шерулер.
Шеру басталмас бұрын сап түзеген лектер мен мінбер алдынан сынаптай сырғыған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерген ту ұстаушы топ шеру басынан орын алды.
Сонымен қатар, алаңға жиналғандар Шымкент Әскери гарнизонының әскери техникаларының көрмесін тамашалады. Мерекелік қойылымдар барысында сарбаздардың әскери жаттығуы көрсетілді. Сапқа тұрып, әскери техникалармен шеру жасаған жауынгерлер стратегиялық шабуылдардан үзінді көрсетті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі