Smarttop.kz

Полицейлер 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адамды анықтады

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстардың жолын кесуге және қылмыскерлерді, оның ішінде іздеуде жүргендерді ұстауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осындай кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында, 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.
Іздеуде жүрген ер адамды полицейлер Шымкент қаласынан ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан аталған азаматты экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСА ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ: СӘТБАЕВ САЛҒАН САРА ЖОЛДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК

smarttop

Полиция мал ұрлығының алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өткізді

smarttop

Пікір қалдыру