Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 9,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔷 Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларды қолдау мақсатында көрсетіледі. Бұл жәрдемді былтыр 1 тоқсанда қалада 11 988 отбасы алған болатын. Отбасылық табыстың артуы, тұрғындардың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуы және жеке кәсіптерін ашуына байланысты биыл көмек алушылар 21,3 пайызға төмендеп отыр. 6-жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама биылдан бастап монетизацияланды. Әр бүлдіршінге ақшалай 5 175 теңге төленеді. Биыл 2-тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-пайызы, яғни 31 908 теңге кедейшілік шегі деп белгіленген. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ

smarttop

Шымкентте түнгі уақытта жанжалдасқан азаматтардан қаруға ұқсас зат тәркіленді

smarttop

Пікір қалдыру