21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

Тұрғын үйлерден ұялы телефон ұрлаған күдікті анықталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу үйіне кіріп, ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ұрлық таңғы уақытта үй иесі ұйықтап жатқан кезде болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.
Осындай арызбен полицияға тағы бір жәбірленуші әйел хабарласып, үйінен құны 150 мың теңге тұратын «OPPO А5» маркалы ұялы телефоны жоғалып кеткенін жеткізген. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Полицейлер хабарлама келіп түскен сәттен бастап қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмысының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар тұрғын анықталды.
Тергеу барысында оның бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған ер адам анықталды. Сондай-ақ ол ұрланған телефондарды сатып, ақшасын өз бас пайдасына жаратқан. Бүгінгі таңда ұялы телефондар алынып, заңды иелеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

2023 ЖЫЛЫ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ МЕН 4 СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ: ТӨРТІНШІ РЕТ СОЛТҮСТІККЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАҢАДАН ЕКІ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру