16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

🔷 Мемлекеттік бағдарлама «Шаңырақ» бағыты бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер. 🔷 Шаңырақ бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар.Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ресми сайтына кіріп, электрон түрде өтініш беру арқылы бағдарламаға қатысуға болады. Ол үшін ресми сайттағы арнайы парақшаға өтіп, «Тексеру және өтінім беру» батырмасын басу қажет. ЖСН және телефон нөмірі көрсетілген соң үш күнде банк қызметкері хабарласып, кездесу белгілейді.Бағдарламаға қатысу үшін төлем қабілетін анықтау керек. Өтеліп жатқан несие болса (мысалы, телефон немесе көлік үшін), оны жауып тастаған дұрыс. Себебі өтелмеген несие төлем қабілетіне әсер етуі мүмкін.Келісімшартты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінде жасауға болады. Ол үшін жеке куәлік жеткілікті.Сонымен қатар аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. 🔷 Конкурстық іріктеу мерзімі Отбасы банкпен төлемқабілеттілігін бағалау брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Айта кету керек, Бақытты отбасы бағыты бойынша келесі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарда өтінім бере алады: 1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар. Өтінішті беру банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 800-ДЕН АСТАМ ҚАНДАС-ОТБАСЫ ЖАЛҒА АЛҒАН БАСПАНАЛАРЫН РӘСІМДЕУЛЕРІ ТИІС

smarttop

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САЯБАҚТА САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру