3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ОҢТҮСТІК» АЙНАЛМА ЖОЛЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ДЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗАДЫ

🔷 Бүгінде Шымкентте 16 шақырымды құрайтын «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Нысан көлік кептелісін азайтып қана қоймай, жол бойындағы елдімекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына да ықпал ететін болады. 🔷 Бүгін қала әкімі М.Әйтенов айналма жолдың құрылыс жұмыстарымен танысты. Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды.

Барлық «Ақылды қала» ұстанымдарына сәйкес, мегаполисттерде айналма жол салу өзекті болып отыр. Осы мақсатта қаламызда үш айналма жол салу жоспарланған. Оның біреуі пайдалануға берілді. Қазір бірінші айналма жолдың құрылысы басталды. Одан бөлек, Шымқаламыздың республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сай көрікті әрі өмір сүруге қолайлы болып одан әрі дамуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті. Әр қоғамдық талқылауға бір ай уақыт белгіленді. Сәулетшілер мен қала халықы тарапынан 140-ға жуық сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Әрбір ұсыныстар мен сұрақтарға өз кезегінде жобалаушы мекеме тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының тарапынан Бозарық шағын ауданының аумағынан темір жол салу туралы ұсыныс түскен болатын. Алайда бұл арнайы мамандардың және жобалаушы мекеменің жүргізген зерттеуінің нәтижесінде қалаға экономикалық тұрғыдан тиімісіз екені нақтыланды. Сол себепті қолда бар ресурстарды пайдалану мақсатында бас жоспарға темір жолды аэропорт ауданының аумағынан салу тиімді деп жоспарлануда. Бұған қаланың тұрғындары да дұрыс деген ұсыныстарын білдірді.
Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды. Осыған дейін жол құрылысының 50 пайызы орындалған. Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі дайындалған. 🔷 Қала әкімі жауаптыларға жол құрылысы барысында туындаған өзекті мәселелерді шұғыл шешіп, жұмыстарды сапалы жүргізуде тапсырды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 30 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ПІКІР АЛМАСТЫ

smarttop

ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру