Smarttop.kz

Ресейден Тәжікстанға бара жатқан ауыр жүк көлігі жүгімен бірге өртеніп кетті

09.04.2022 жылы, түнгі сағат 21:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 102 арқылы Самара-Шымкент тас жолының 73-шақырымында, яғни Жиенқұм ауылының маңында жүк автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жетті.

Тәртіп сақшылары мұқият тексеру барысында Ресейден, Тәжікстан Республикасына қарай бара жатқан тәжікстандық азаматтың басқаруындағы «Вольво» маркалы ауыр жүк көлігінің тіркеме баллоны тұтанғаны анықталды. Өздігінен өртенудің нәтижесінде үлкен жүк көлігі артылған тұрмыстық техникасымен бірге толықтай жанып кетті. Материалдық залал келгенімен, адам шығыны жоқ. Жүргізуші өзімен бірге көліктің құжаттарын алып үлгерген. Өрт сөндіріліп, жол ашылып, тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аталған жайт Бәйдібек АПБ-да тіркеліп, қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.

Ұқсас ақпараттар

10 ЖЫЛДА 400-ГЕ ЖУЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 15 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру