16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ САЗ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

🔷 Шымкент қаласында бүгін 19 маусым – қала күніне орай жағымды жаңалықтың бірі жаңадан Балалар саз мектебі ашылды. Ашылу салтанатында қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйлеп, балалар шығармашылығына өркендеу, ал саз мектебінің ұжымына сәттілік тіледі.- Халықтық дәстүрлі өнер — бұл біздің мәдени мұрамыз. Ұлттық өнер арқылы өскелең ұрпақтың бойына қазақтың дәстүрі мен тұрмысын, адамдық мінезін сіңдіре аламыз. Ата-бабадан мирас болған ұлттық болмыс пен ұлттық өнерді ұмыт қалдырмаудың бір жолы – оны жастарға үйрету. Біз бүгін екі тарихтың ортасында тұрмыз. Бұл мектептен кешегі Майлықожа, Мәделідей ақындар, Сүгір мен Төлегендей күйшілер, Тәушен мен Әселхан апаларымыздай айтыскер қыздар шығады деп үміттенеміз. Осындай үлкен үмітпен сенім артып, жас келсе іске деп, мектептің тізгінін өз ұлдарыңыз, өнердің ыстық-суығында әбден шыңдалған, өткір тілді айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуовқа тапсырғалы отырмын. Бұл үлкен жауапкершілік. Ескі өнерді тірілтіп, жаңа заманға алып шығатын, Қаратау өнерін жаңғыртатын, Шымкенттің ғана емес Қазақтың атын әлемге шығаратын шәкірттер шығуына тілектеспін, — дедi Мұрат Әйтенов.
Саз мектебінде балалар мектептен тыс қосымша білімдерін жетілдіріп, тұла бойындағы ерекше қабілеттерін шыңдай алады. Мәселен, мұнда оркестрге арналған ұлттық саз аспаптар, үрмелі аспаптар класы бар. Атап айтсақ, домбыра, қобыз, саксофон, флейта, рубаб кластарымен бірге фортепиано, хореграфия, вокал, көркемсурет, хор орындау — бұлар қаламыздағы мектеп оқушыларын әр қырынан толықтай ашады. 🔷 Үш қабатты ғимараттың техникалық жабдықталу жағы жоғары сапада жасалған, мұндағы музыкалық аспаптар арнайы Германия зауытынан тапсырыспен алынған. Би өнеріне арналған кең, ауқымды залы 150 шаршы метрді құрайды. Айта кетейік, жаңа саз мектебі 1958 жылы іргетасы қаланған бұрынғы музыкалық мектебенінің негізінде қайтадан тұрғызылды. Жаңа ғимаратта қазір 1 164 бала музыкалық білім алады. Қыркүйек айынан бастап тағы 500 оқушыны қабылдау жоспарланған. 🔷 Сондай-ақ, балаларға білікті, академиялық консерваториялық білімі бар кәсіби мамандар сабақ береді. Мектеп түлектері халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары. Саз мектебінің ашылу сәтінде көпшілік осында оқитын балалардың қолөнер туындыларын тамашалап, ән-би тобының концертіне ризашылықпен қол соқты. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖОҒАРЫ СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР БОЙЫНША 2022 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА ЖЕТКЕН НӘТИЖЕЛЕР ТУРАЛЫ

smarttop

ҮКІМЕТТЕ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

smarttop

ШАҺАРДА “БІР ТЕРЕЗЕ” ЖҰМЫСЫ ОҢ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру