Smarttop.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Мемлекет басшысына компанияның биыл бірінші жартыжылдықта атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берілді. Президентке «ҚазМұнайГаз» компаниясы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізгені баяндалды. Мағзұм Мырзағалиев ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыттың және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жұмыс істейтін гибридті электр станциясының құрылысы жөнінде айтты. ❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективті барлау учаскелерін зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 8 АЙДА 20 МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

smarttop

Республикалық челлендж

smarttop

Пікір қалдыру