Smarttop.kz

Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталды

Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бақылауымен 2023 жылдың 19 маусымынан бастап 1 айға жоспарланған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Оған ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен табиғатты қоғау тобының инспекторлары жұмылдырылды.
Яғни арнайы топпен атқарылған шара барысында 7 күн ішінде 4 факт анықталды. Мәселен Жетісай ауданында ауыр техникалармен жер қазып жатқан, Келес ауданы аумағында Келес өзенінен «HOWO» маркалы эксковатор тракторымен ауыр жүк көлігіне тас (шағал) артқан, Арыс қаласынан «HOWO» көлігімен заңсыз құм тасымалдаған, ал «Шымкент-Яллама» тас жолының бойында «HOWO» маркалы жүк көлігі тіркемесімен тас (шағал) жүк артып кетіп бара жатқан жерінен тұрғындар анықталып, ұсталды.
Аталған төрт жайт бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдіктің тиісті мамандарымен полицейлердің күн тәртібінен түспей, арнайы шаралар өз жалғасын табатынын еске саламыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУ КҮНІ ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕДІ

smarttop

ҚАЛА БАСШЫСЫ БОЗАРЫҚТА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚАТЫСҚАН «ШЫРҚА, НАУРЫЗ!» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру