3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

🔷 Қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылуда. Бүгінгі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыспен танысып, жұмыс барысын пысықтады. Қазір богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. 🔷 Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті. Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу  жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады. 🔷 Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Өрттің түтініне уланған қыз полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде аман қалды

smarttop

Полицейлер тұрғынның қалтасынан түскен ақшаны ұрлаған күдіктіні ұстады

smarttop

ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖЫЛУ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

Пікір қалдыру