9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

РЕНОВАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН СЕЙСМОНЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі М. Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру және көпқабатты үйлерді сейсмикалық нығайту мәселелері талқыланды. Жиналыс барысында реновациялауға жатқызылған 6 үйдің орнына жаңа заманауи көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын салу жоспары пысықталды. Бағдарлама шарты бойынша тұрғындарға жаңа көппәтерлі үйден пәтерлер берілетін болады. Бүгінгі таңда, 6 мекенжай бойынша қызығушылық танытқан инвесторлар бар.Реновация бағдарламасының талап шарттарына сәйкес, жиналысқа тұрғын үй пәтерлері меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, жиналыс заңды деп есептеледі. Жиналыс шешімімен келісім берілген жағдайда, авариялық тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне ауданы бойынша бірдей, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес мөлшерде жаңа пәтерлер беріледі. Сондай-ақ пәтер беру кезінде — пәтерлердің техникалық төлқұжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құрылыс нормаларына, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес, пәтердің жақсартылған әрлеуде болуы, көп пәтерлі үйлерде азаматтардың аз мобильді топтары үшін, оның ішінде пәтерде жағдай жасалуы сынды бірқатар талаптар сақталады. Алдағы 2 апта шеңберінде бірлескен келісім шарттар түзілетін болады. 🔷 Сонымен қатар, аталған тұрғын үйлерді қыркүйек айына дейін бұзу жоспарланған. Сейсмонығайту бойынша қала аумағында 36 үйге техникалық зерттеу жүргізілген болса, оның 13-не жобалық құжаттамасы әзірленеді. Ал қалған 23 үйдің техникалық зерттеу қорытындыларының мерзімі өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 199 үй техникалық зерттеуді қажет етеді. 🔷 Сонымен бірге, бірінші кезекте сейсмикалық нығайтуды қажет ететін 17 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу қорытындысын алу мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылды. Сонымен қатар, техникалық зерттеу қорытындысына сәйкес, бірінші кезекте сейсмонығайту талап ететін 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджеттік өтінім берілген. 🔷 М.Дүйсенбекұлы басқарма басшылары мен «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасына бағдарламаны шұғыл бастауға және 2023 жылға белгіленген индикаторды орындауға тапсырма берілді.Сондай-ақ халық қауіпсіздігін алдын алып, қаладағы көпқабатты ғимараттарды сейсмонығайту шараларын талапқа сай жүргізуді тапсырды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ГРАЖДАНЫ С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ НАХОДЯТСЯ НА КОНТРОЛЕ ПРОКУРАТУРЫ

smarttop

Шымкент қаласының маңындағы аудандардағы инфрақұрылым

smarttop

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН БРАЗИЛИЯДА ӨТІП ЖАТҚАН XXXIV-СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру