3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, кәмелетке толмағандар арасында суицидті алдын алу шаралары мен өзге де мәселелер қаралды.
Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы М.Ақылбектің айтуынша, жер учаскелерін заңсыз иеленген, мақсатсыз пайдаланған 112 жеке және заңды тұлғадан 27 млн. теңгенің айыппұлы өндірілген. Кала басшысының бастамасымен саябақтар мен аллеяларға, заңсыз жер телімдеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілген.

Жиында техникалық реттеу саласындағы қызметті жоспарлау мен қаржыландырудың мемлекеттік жіктеуішіне өзгерістер енгізу, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу стандарттарын әзірлеу кезіндегі бәсекелестікке шектеулер, көлікті лизингке сатып алу кезінде кәдеге жарату төлемінен босату мәселелері қаралды.Мемлекеттік органдардың міндеті – кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Сондықтан мемлекеттік органдар барлық қол жетімді аспектілерді ескере отырып, бизнестің өзекті мәселелерін дер кезінде және сапалы түрде қарау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Мәжіліс барысында қала әкімінің орынбасары С. Құранбек кәмелетке толмағандар арасында суицидті алдын алу шараларын баяндады. Ата-ана, оқушы-мектеп байланысын қалыптастыру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» мен «Даналық мектебі» құрылды. Білім беру ұйымдарында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Ұлдар клубы», «Қыздар клубы» жобалары іске асырылуда.
Балалар өмірі мен денсаулығының аса маңызды екеніне тоқталған қала әкімі жауаптыларға жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар олардың қауіпсіздігін қамтасыз етуде профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП: НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 2 МЫҢ ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНУДА

smarttop

«IGILIK PARK» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

smarttop

КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРМЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру