0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНА ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІ ТАРТЫЛУДА

🔷 Бүгінде қаладағы шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соыңна дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізді.

Басқарма басшысының айтуынша, «Цифлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланы сапалы интернетпен қамту 3 кезеңге бөлінген. 1 кезеңдегі жұмыстар толық аяқталды. 2 – кезеңде 14 елдімекен қарастырылып, координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Атап айтқанда, Тассай және Ынтымақ-2 (Тұрлан) шағынауданында жер қазу және бетон құю жұмыстары атқарылса, А 2 айналма жолы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Р-32 трассасы (Сиқым), Құрсай шағынаудандарда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, 3-кезең үшін талшықты-оптикалық желі тарту мақсатында қала аумағындағы 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы жеке инвесторлар есебінен атқарылатын болады. «Самғау-Телком» компаниясы тарапынан Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 2 көшеге (200 үйге) кабел жүргізіліп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдануда.

Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылса, биыл бұл жүйені 20 елді мекенге тарту жоспарлануда. 🔷 Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар басталып кетті. Тиісті басқарма жеке инвесторлармен бірлесе жуырда Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабын талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтыды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз

Ұқсас ақпараттар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТУДЕ

smarttop

ТАТУЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 5 ЖЫЛДА ҚАНДАЙ ЖАҢА БАСТАМА МЕН ІРІ ЖОБАЛАР АТҚАРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру