0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӨКӨНІСТЕР МЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК САУДА ОРЫНДАРЫНАН 2500-ГЕ ЖУЫҚ СЫНАМА АЛЫНДЫ

А. ТАСБОЛТАЕВ, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитарлық эпидемиологиялық департаменттің аса қауіпті жұқпалы аурулар және туберкулезбен күрес бөлімінің бас маманы:
–Жаз маусымы басталғалы тұрғындардан келіп түскен арыздар бойынша, сондай-ақ нитраттан улану қаупінің алдын алу шараларын жүргізу мақсатында зертхана мамандарымен талдап-тексеру сынамалары жүргізілді. Нәтижесінде түрлі көкөністер мен жеміс-жидек сауда орындарынан 2426 сынама алынып, нитрат мөлшерінің қауіптілігі анықталмады. 150 адамның улануына келетін болсақ, емдеу орындарында нитратпен уланғаны жайында нақты мәлімет жоқ. Зертхана мамандары сауда орындарындағы қауын, қарбыздардағы нитрат мөлшерін тексеріп, қауіптілік анықталмаса, сатуға рұқсат құжатын береді. Сауда орындарына, маусымдық жеміс-жидек павильиондарындағы өнімдер рұқсат құжаты болған жағдайда ғана сатылымға жіберіледі. Базарлардағы, сауда нүктелеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатушылардың қолында осы нитрат қалдығына тексерілгені туралы токсикологиялық сертификаты болуы міндетті. Мұны талап етуге әрбір тұтынушы құқылы, әсіресе ерте көктемде және жаз айларының басында ерте пісетін бау-бақша өнімдерін тексеру маңызды.

2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға қаныққан қала әкімі Мұрат Әйтенов басқарма басшысына ең алдымен сауда орындарындағы халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
«Қаламызда жылдан-жылға халық саны артып келеді. Бұл өз кезегінде сауда орындарына деген сұранысты ұлғайтуда. Осыған орай, қалада әлеуметтік азық-түлік тауарларын қолжетімді бағада сататын ірі сауда орталықтарының қатарын көбейту қажет. Бұл шара бәсекелестікті арттыруға сеп болады» — деді қала әкімі.
«Ауру астан» демекші тұрғындарды осы тамақтан улану мәселесіне мән беруіне назар аудару керек. Өз денсаулығыңызға зиян келмес үшін азық-түлікке мұқият болуды маман ретінде кеңес беремін. Біздің мекеме тарапынан қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына, сондай-ақ сауда орындарының басшылықтарына ескерту және нұсқаулық хат жолданды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

Дүкеннен тұтынушының ұялы телефонын ұрлаған ер адам анықталды

smarttop

«ШЫМКЕНТ МАРАФОНЫ» БҰҚАРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру