13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

“SHYMKENT FEST” ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

🔷 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз»- деген болатын.

🔷 Осыған орай, Шымкен қаласында жастарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

🔷 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет «Shymkent fest» жастар фестивалі өтті.

🔷 «Shymkent fest» жобасының мақсаты — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау. Сондай-ақ, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.

🔷 Бүгінгі кештің жабылу салтанатына қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, барша жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтады. Сонымен қатар, “Shymkent fest” жастар фестиваліне белсене қатысып, жүлделі орыннан көрінген жастарды марапаттап, ізгі тілегін арнады.

«Shymkent  fest» жобасы — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақыт тиімді ұйымдастыруға бағытталған, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Аталмыш жобаны ашып беру үшін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, барлық қала жастарын фестивальға қатысып, спортпен шұғылдануға шақырды.

2 айға созылатын фестиваль аптаның соңғы күндері түрлі бағытта өтеді. Тарқата айтқанда, үстел теннисі, экстремалды спорт түрінен арнайы шоу, суретші жастар мен жасөспірімдер арасында заманауи сурет салу, ашық аспан астында кинокөрсетілім, көркемсөз оқу шеберлерінің поезия кеші секілді түрлі кештер өтетін болады.

Ал, 25 тамыз күні «Арбат» демалыс аймағында балмұздақ фест, арнайы гала концерт, барлық жоба қатысушылары арасында көрсетілімдер, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, «Shymkent  fest» жобасының салтанатты жабылуы өтеді.

2 айға жалғасқан фестиваль қаламыздағы жастар көп шоғырланған орындарда өткізілді.

Айта кетейік, «Shymkent fest» жобасы – 5 шілде күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен салынған Скейт парк алаңында бастау алған болатын.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БІЛІМГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ – САНАДАН

smarttop

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА “АЛТЫН АЛҚА” ЖӘНЕ “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ

smarttop

БИЫЛ «ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 857 ПӘТЕР ҮЛЕСТІРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру