Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелері өтеді. Онлайн-жәрмеңкеде жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі.
Жұмыс іздеуші өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады.
Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет. Онлайн-жәрмеңкелер еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі порталда жарияланған.
Субсидия – салыққа қарама-қарсы ұғым. Субсидия сатып алушы мен сатушы табыстарына қосымша төлем жасау немесе субсидия алушы тарапқа артықшылық беру үшін өндіріс шығындарын төмендету. Субсидиялар, үкімет пікірінше, қазіргі уақытта жеткілікті түрде дайындалған, ол «жақсы тауарды» тұтынуды марапаттағысы немесе қаржылық қолдағысы келген кезде беріледі. Басқа жағынан, салықтар, үкімет пікірінше, шамадан тыс «жаман тауардан» яғни шамадан тыс баға қойған немесе жаман өндірістері бар тараптан алынуы мүмкін. Судсидиялар, әдетте сатушыға беріледі және өндіріс құнын төмендететін әсері болады. Субсидиялар түрлі салада болады. Яғни, білім беру, көлік, ауыл шаруашылығы, өңірлік даму, тұрғын үй және жұмыспен қамту сияқты салаларға берілуі мүмкін.
Грант – қайтарымы сұралатын немесе жұмыс есебі талап етілуі мүмкін категория. Мысалы қоғамдық жобаларға грант бөлініп, соңында оның есебі жасалады, мемлекет білім грантын бөліп, оның өтемін мамандық бойынша жұмыс арқылы талап етеді. Ал субсидия тағайындалғанда оның өтемі немесе аналог қайтарымы болмайды.
Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz-те әртүрлі қызмет салалары үшін де, жекелеген өңірлер үшін де бірқатар онлайн-жәрмеңкелер өткізіліп, оған жалпы 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам ізденуші қатысты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі