5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫНА АЯҚЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

🔷 Шымкент қаласы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бүгінде көп қабатты тұрғын үйлер ауласына аяқжол салу құрылысы жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Отырар шағын ауданы, №3, 4, 8 шағын аудандары мен Гагарин көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй ауласында аяқ жол құрылысы жүруде. Сонымен қатар, Заңда жергілікті әкімдіктердің тұрғын үй басқармасына тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын болмаған жағдайда, уақытша басқаратын компанияны айқындап беру туралы норма енгізілді.
Бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінің лифтін ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі. Бұл ретте пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің бюджет қаражатын қайтаруы көзделеді.Сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке шығаруға тыйым салынды. Шымкент қаласында 2 236 көпқабатты тұрғын үй болса, оның ішінде 1 823 үйге жаңа басқару жүйесіне көшкен. Реформаны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «EASY project» бағдарламасы арқылы іске асуда. Қазіргі таңда кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыстар туралы тиісті мәліметтер аталған бағдарламаға енгізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жөніндегі тетігін жақсарту мақсатында заң жобасы әзірленіп Парламенті Сенатында мақұлданды.
Ұсынылғын заң жобасында қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер саны 30-ға дейін шектеледі. Осыған байланысты басқарудың жаңа нысаны – тікелей бірлескен басқару ұсынылып отыр. Бұл форма 16-ға дейінгі пәтерлері бар үйлер үшін қаралған.

🔷 Құрылыс жұмысы қазан айына дейін аяқталатын болады.
Бұған дейін Спорт шағын ауданы мен Байтұрсынов, Орманов көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үй аулаларына аяқжол салынған болатын.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АҚЖАРДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ

smarttop

15 МАМЫРДА АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІ АШЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЙМАҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру