5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындығын пысықтады. Алдымен Қаратау ауданы аумағының тазалығына жауапты «Жасыл жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасына барған Мұрат Дүйсенбекұлы қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына арналған техникаларды арнайы шолып өтті.

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында мегаполис аумағын қардан тазалау жұмыстары талқыланып, дайындық барысы пысықталды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан маусымдық жұмыстардың кешенді жоспары таныстырылды.
Бүгінде жекеменшік әріптестерде қысқы маусымда қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылатын 126 арнайы техника сақадай сай тұр. Онымен қоса жеке кәсіпкерлердің 30-ға жуық техникасын пайдалану бойынша келісім шарт түзілген. Өткен жылмен салыстырғанда техника саны 87 данаға артып отыр. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және арнайы техникалардың қажіттіліктерін нақты анықтауды тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жіберілген кемшіліктерді зерделей отырып, өзекті мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.

🔷 Нақты айтсақ, қысқы маусымға қазір әр ауданнан 80-ге жуық техника әзір тұр. Сонымен қатар қала аумағындағы 5 аудан бойынша қар күреудің ситуациялық сызбасы әзірленген.
Нысан басында қала әкімі тиісті басқарма мен мердігер мекемелердің басшыларына көктайғақтың алдын алатын шараларға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Әрі қарай техникалық базаны қосымша техникалармен күшейту, шұғыл қар күрейтін, құм шашатын көліктердің қызметі талапқа сай болу қажеттігін қатаң ескертіп өтті.

🔷 Мұнан соң қала әкімі Абай ауданындағы «КазСтройКапитал» ЖШС-інің базасымен де танысты. Әр ауданға қойылатын талап ортақ. Ең бірінші қысқы техникалардың ауа-райының кез келген төтенше жағдайларына сақадай сай тұруы. Сондықтан дайындық жұмыстары әрі қарай да жалғасатын болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ 10 АЙДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ 36,6 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕН

smarttop

ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

smarttop

Пікір қалдыру