16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТӘУЛІГІНЕ 10 МЫҢДАЙ КӨЛІК ҚАТЫНАЙТЫН КҮРЕ ЖОЛДАРДЫҢ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

🔷 Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында қалалық маңызы бар 9 көше орналасқан. Қазіргі уақытта аталған әр көшеде тәулігіне шамамен10 мыңнан астам көлік қатынауда. Соның бірі жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі. Аталған көше Түркістан бағытына қатынайтын негізгі көшелердің біріне айналып отыр.

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында аяқталуы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізілуде.

Мекеме құрылғаннан бастап қаладағы жолаушылар тасымалының инфрақұрылымындағы жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қалалық маршрутардың қозғалысының жобалары және жүру сызбалары дайындаумен айналысады. Қала, мегаполис секілді кез келген ірі елдімекеннің күретамыры – қоғамдық көліктер. Оның ішінде жолаушылар автобустарының алар орны ерекше. Бұл саладағы қызмет сапасы неғұрлым жақсарған сайын қала тұрғындарының күнделікті өмірі соғұрлым жақсара түседі. Шымкентте бұл тұрғыдағы жағдай қандай? Соған көз жүгіртіп өтсек.

Қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, Бәйдібек би даңғылымен солтүстіктен оңтүстік бағытта қозғалатын көліктерге Арғынбеков көшесіне батыс бағытта оң жақ бұрылу жолы ашылады.

Және Арғынбеков көшесімен шығыстан батыс бағытқа қозғалатын көліктерге Бәйдібек би даңғылына солтүстік бағытта оң жақ бұрылыс жолы ашылады.

🔷 Күнделікті он мыңдаған көлік қатынайтын көшенің санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, арнайы мекемелер мен мердігер мекемелердің жұмысшылары жұмылдырылды.
Санитарлық тазалау жұмыстары барысында жол жиектері мен ирригациялық жүйелер тазаланып, шөп ору және ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді.

🔷 Сонымен қатар, заңсыз жарнамалар ретке келтіріліп, ретсіз сауда орындары жойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Темірлан тас жолы бойында жалғасын тапты. Аталған жұмыстар тиісті мекемелердің бақылауына алынып, дер кезінде қадағалануда.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША ФРАКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

smarttop

Өзіне жақын таныс әйелді тонаған ер адам қамауға алынды

smarttop

Полицейлер мереке қарсаңында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балмұздақ таратты

smarttop

Пікір қалдыру