0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Шымкентте партияның жол картасы бойынша салынып жатқан бірнеше нысанды аралады.
Соның бірі — Ынтымақ-2 шағынауданында құрылысы жүріп жатқан жаңа емхана.
Заманауи талапқа сай бой көтерген емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ аппараты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы ЛОР комбайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады.
Сондай-ақ ,AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, Мәжіліс депутаты Д.Исабеков, мәслихат депутаты, қалалық фракция жетекшісі Қ.Имашев, мәслихат депутаттары Т.Балтабаев, А.Зейнетаев, қалалық партия Атқарушы хатшысының орынбасары Е.Айтбаев та құрылыс нысанында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда. Олар -Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да газдандыру құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов аталған елдімекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың әзірге 10%-н атқарды. Шымкент қаласы Абай аудандық Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары қала әкімінің бірыңғай қабылдауында №54 жалпы орта мектебінің спорт залының апатты жағдайын ретке келтіруді сұранған өтініш түсірген болатын. 🔷 Аталған мектепте 2000-нан астам оқушы білім алады. Тұрғындардың талап-тілегіне орай, қазір мектептің спорт залы жөндеуден өтіп жатыр және бұл мәселе жаңа оқу жылына оң шешімін табады.
— Сайлауалды бағдарламада тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа нысандар салынып, халық игілігіне берілуі көзделген. Партия ең бірінші халықтың қажеттілін анықтап, соған сәйкес жүйелі жұмыс жүргізуде. Индикаторда белгіленген барлық тармақтың мерзімінде, сапалы орындалуын қадағалаймыз, — деді Е.Бейсенбаев.
Айта кетейік, Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 7000 шаршы метрді құрайтын ғимарат жеке инвестордың есебінен салынуда. Жоспарға сәйкес, құрылыс мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі.

Ұқсас ақпараттар

ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА 8 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

smarttop

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

smarttop

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ 7775 АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

Пікір қалдыру