0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 20-ДАН АСТАМ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРДЫ ТЕГІН ОҚЫТАДЫ

🔷 Шымкентте жұмыс берушілерден түскен өтінішке сәйкес қыркүйек айынан бастап 24 оқу орталығы 1500-ден астам жұмыссыз азаматты тегін оқытады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жүзеге асырылады. Оқу сәтті аяқталғаннан кейін жұмыссыз азаматтарға сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісім-шарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті.

🔷 Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында оқу ұйымдарында түрлі мамандықтар бойынша оқытып, жұмыс күшімен қамтамасыз етуді өтінген 60-тан астам жұмыс беруші мекеменің талапқа сәйкестіктері сараланды. Мекемелерден техникалық және кәсіптік сала мамандарына сұраныс көп түскен. Атап айтқанда, автомобиль жөндеу –дәнекерлеушісі, байланыс желілерінің электриктері, жол-құрылыс көлігінің машинисі, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппаратық құралдарының операторы, көкөніс өсіруші мен мерчендайзарлер секілді мамандық иелері сұранысқа ие. Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 1727 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қазіргі таңда 1300-ден астам адам қамтылды. Жұмыс беруші 35 мекеме азаматтарды еңбек шарттары және жалақы көлемімен таныстырып, мансап жолын бірге бастауға шақырды.
Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қалалық «Жастар Ресурстық» орталығы және » Жастар рухы» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шара бірінші кезекте жұмыс іздеушілердің мүддесін көздейді. Мақсат — жұмыс берушілерді тарта отырып, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту. Жәрмеңкеде Шымкент қаласындағы 100-ге жуық жұмыс беруші мекеме қатысып, 5000-нан аса жуық медициналық, техникалық және педагогикалық мамандық бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды.

🔷 Жалпы, кәсіптік оқыту мерзімі 3 ай. Ай сайын 20 948 теңге шәкіртақы мен 2 АЕК, яғни 6900 теңгеден бір реттік материалды көмек төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР ЖАСЫНДАҒЫ АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

smarttop

ӘКІМГЕ АЙТЫЛДЫ, МӘСЕЛЕНІҢ КҮРМЕУІ ШЕШІЛДІ

smarttop

Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай 30-дан астам ардагерге экскурсия ұйымдастырылды

smarttop

Пікір қалдыру