3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫ ЖАҢА ТҰРҒЫНДАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ

🔷 Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тұран шағын ауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап, күннен-күнге көркейіп келе жатқан жаңа аумақ. Қазір мұнда 19 мыңға жуық халық тұрады. Шағын ауданда 1 744 жеке секторлы үй, 86 көпқабатты тұрғын үй, 6 мектеп, 4 балабақша орналасқан.

🔷 Сонымен қатар Тұран шағын ауданын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, шағын ауданның тұрғындары 100% ауыз сумен, электр жарығымен және интернетпен қамтылған. Қазіргі уақытта шағын аудан бойынша табиғи газ құбырлары толық жеткізіліп, абоненттеу жұмыстары жүзеге асып жатыр.

🔷 Ал кәріз жүйесі 35 пайызға қамтамасыз етілген, жоспар бойынша аталған шағын ауданда 2023 жылы кәріз құбырлары түгел тартылатын болады. Жыл басынан бері Тұрандағы 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы тапсырылды. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар мұндағы 26, 25, 29, орамдардың және №3390 жер телімінің инженерлік инфрақұрылым жүйелері тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл нысандар пайдалануға тапсырылатын болады. Қала әкімі М.Әйтенов ағымдағы жылы тұрғындарды жеке қабылдап, түскен өтініштер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын. Осыған орай, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аялдамалар, жол белгілері, аяқжолдар салынып,шағын аудандарға асфальт төселіп, шұңқырлады жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 247-сінде жұмыстар толығымен аяқталған. Ал, қалған 39 көшеде қазан айының соңына қарай жөндеу жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2021-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қала аумағындағы елдімекендердің көшелері түгел орташа жөндеуден өткізілетін болады.Аталған көшелердегі аяқжолдарды салуға 40,666,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал, жалпы аудан бойынша атқарылатын 7,5 шақырым аяқжолға 75,421,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.
Айта кетейік, шағын аудандағы 49 көшенің 16-сы асфальтталған, 28-іне шағал тас төселсе, 5-еуі топырақ жол. Биыл атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7, 9,10,11,12,13 көше жөндеулен өтуде. Сонымен қатар, 2023 жылы «Әдия» тұрғын үй кешені, атауы жоқ №2,3,7 көшелер жарықтандырылады.

🔷 Тұран шағын ауданында іске асырылып жатқан жобалардың бірі – жаңа мектептің құрылысы. Оқу ғимаратының аяқтау мерзімі 2024 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ, шағын ауданда мұнан бөлек биылғы жылы 2 спорт алаңшасы және 12 балалар ойын алаңшасы салынуда.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің бспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА СҮТ КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ ЖӘНЕ 500 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ

smarttop

ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру