16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ 1 ҚАЗАНДА ТОЛЫҚ АЯҚТАЛАДЫ

🔷 Бүгін қала әкімінің қатысуымен өткен арнайы жиында жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланды. Қазір қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтарынан 20 қысқы маусымға дайын. Қалғандарында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ал Ж.Адырбеков, Т.Орынбаев көшелеріндегі 4,1 шақырым жылу желілерін және 2 сорғы станциясын қайта құру нысаны бойынша орындалғаны бүгінде 3,7 шақырым. Қазір сорғылар нысан басына жеткізілген.

🔷 Бүгінде қала аумағында 2 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің 93%-ы жылу маусымына дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталады. Сондай-ақ 464 бюджеттік мекемеде де әзірлік шаралары аяқталып келеді. Инфрақұрылым желілерінің дайындығы да кестеге сәйкес атқарылуда. Ал №1 қазандықтағы жөндеу жұмыстары аптаның аяғына дейін аяқталады.

🔷 Жалпы қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы қала әкімінің тікелей бақылауында. «Жылу қазандықтарына жауапты әрқайсыңыз тиісті нысандарды аралап, жылу жүйелерін тағы бір тексеріп шығыңыздар. Қандай бар бір өзекті мәселе болса, ашық жеткізу керек.Айта кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 — тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты. Үкімет қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй салынуда. Өндірістік кестеге сәйкес 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық баспаналар.Шымкент қаласының Әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Бүгінде оның төртеуі пайдалануға берілді, қалған төрт үйде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 432 пәтердің жалпы аумағы 23 820 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің салынуы және берілетін мерзіміне дейін тексерістік жұмыстар жүргізіледі.Пәтерлердің 1,2,3 бөлмелі болып салынуында қатты қадағаланғанын талап етті. Қала әкімі құрылыс алаңында болып  бірнеше тапсырма беріп өтті. Ол тапсырмалардың барлығын осы айда бітіруін  қолға алуын сұрады.

🔷 Әрбіріңізді жүктелген міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Халықтың игілігі үшін баршамыз жұмыла жұмыс жүргізейік. Жылу маусымына дайындық жұмыстарын жеке аралап көремін», — деді мегаполис басшысы. Жылу маусымына дайындық шараларына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИЗНЕС ҮШІН ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА ДЕП ТАНЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН» МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШҚЫ ЖҮРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру