4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

🔷 Мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легінде «Business.enbek.kz» порталына жалпы саны 1780 азаматтан өтініш түскен. Бүгін үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы басталды.

🔷 25 қыркүйектен 5 қазан аралығында өтеусіз қаражат алуға ниетті азаматтар өздерінің жаңа бизнес -жобаларын комиссия алдында қорғайтын болады. Қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам бірлестіктерінің өкілдерінен құралған комиссияның әрбір мүшесі үміткердің кәсіпті меңгеру деңгейіне, бизнес-жобалардың әлеуметтік әлеуеті мен қаржылай өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігі мен жаңа жұмыс орындарын құруына қарай бағалайды. Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының инстаграм әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетілуде.

Жалпы бизнес жоспар жасау кез келген кәсіп түрі үшін маңызды. Себебі әр құрылған жоспар компанияның болашағына тікелей әсер етеді. Ұтымды құрылған стратегия кәсіптің алға жылжуына септігі мол. Осы орайда, 2-5 млн теңгенің гранттарын жеңіп алу үшін де дұрыс бизнес-жоспар құра білу керек. Бизнестің бағытын, орнын анықтап, арнайы келісімшарттар жүргізілуі тиіс. Кәсіптің өнімі, қызметі мен сапасы басқа кәсіпкерлерден айырмашылығымен ерекшеленуі керек. Жобаны дұрыс дамыту үшін шығындар мен жоспарлы кіріс мөлшерін есептеп, ықтимал клиенттерді анықтау маңызды.

Қазіргі таңда мемлекеттік грант берудің 2-легі бойынша өтініштер толық қабылданды. Бұл жолы 2893 азамат бизнес-жобасын ұсынды. Жобасын комиссия алдында қорғап шыққан үміткерлердің нәтижелері «Business.enbek.kz» порталындағы жеке кабинеттеріне хабарлама ретінде жолданады.

🔷 Жалпы, Шымкентте биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған 400 АЕК көлеміндегі грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат грант иегері атанды. Бұл жолы 219 азаматқа грант беру жоспарланған. Қаражат шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға жұмсалады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ — БАСТЫ НАЗАРДАН ҰМЫТ ҚАЛҒАН ЕМЕС

smarttop

ТҮРКІСТАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

smarttop

ШАРДАРА АУДАНЫНДА «КРАХМАЛ-СІРНЕ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру