0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен есептік кездесуден кейін көтерілген мәселелер бойынша «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барды. Қала тұрғыны М. Төлегенова жыл сайын халық саны артып жатқан елдімекендегі мектеп тапшылығы мәселесін жеткізді.

🔷 Бүгінде № 95 жалпы орта мектепте 535 оқушы білім алуда. Оқу ордасының ғимараты ескі болғандықтан, орнына жаңа мектеп салу жоспарланған. Қала әкімі аталған нысанды аралап, халықтың ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар бұл білім ошағының іргетасы мен қабырғасы сапалы екенін алға тартып, күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айтты.

🔷 Халықтың талабын ескерген қала әкімі Білім басқармасының басшысына мектепке қатысты тиісті сараптамалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, осы бағытта арнайы комиссия құруды тапсырды. Дегенмен оқушы саны артып отырған тұрғын алапқа қосымша жаңа мектеп қажет. Бұл ретте жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

– Біздің мақсатымыз – Сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауылдардағы проблемаларын сіздер жақсы білесіздер. Ауданды, ауылдарды дамыту жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасын табатын болады.Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылымтарту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады. Сондай-ақ, сұрақ, арыз- шағым, өтініштер қабылданады. Біз үшін әрбір тұрғынның мәселесі маңызды, – деді қала  әкімі.
Қабылдауға келген 300-ден астам азамат түрлі салаға қатысты талап-тілектерін жеткізді. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер мәселесі, жол және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты ауқымды сұрақтарды қамтыды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының аяқталуына орай балалардың жазғы каникулын тиімді ұйымдастыруға қатысты өтініштер де жиі түсті. Азаматтардың кей талап-тілектері қабылдау кезінде шешімін тапты. Басқа да ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Сондай-ақ қабылдауға келген тұрғындарға жұмыспен қамту шараларына, баспанамен қамтуға, кәсіпкерлікке қатысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔷 Самал-3 шағынауданы тұрғындары Шұбаркөл, Ізенді, Юсупов көшелерін асфальттау бойынша мәселелер көтерді. Халық жауын-шашын кезінде болатын су басу қаупіне де жауаптылардың назарын аударды.

🔷 Мегаполис әкімі тиісті басқарма басшыларына өзекті мәселенің барлығын назарға алып, шұғыл тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПКЕРЛЕР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА НАРАЗЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕР ЖАҢАРАДЫ

smarttop

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫНА ҮН ҚОСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру