🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді.
🔷 Аталған ауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 170,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 198 пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.
Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриалды аймағы қосымша 155 гектарға, ал, Шымкент сауда-логистикалық орталығының аумағы 136 гектарға кеңейтілген. Сонымен қатар қазір Шымкентте тамақ өнеркәсібіне бағытталған «Бозарық» индустриалды аймағының құрылысы жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігі «Бозарық» және «Жұлдыз» индустриалды аймақтарының тұжырымдамасы мен қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттарын әзірледі. Бұл индустриалды аймақтардың инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен тікелей қаржы тарту және осы аймақтарға «республикалық индустриалды аймақ» мәртебесін беруге жол ашады. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, жұмыс орны — 300 адам.
Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісі, инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны — 35 адам.
Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, 2 млрд тенге, жұмыс орны — 100 адам.
Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісі, инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны — 35 адам.
Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, 2 млрд тенге, жұмыс орны — 100 адам.
🔷 Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 000 орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған.
🔷 Жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі