4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАМИДЫ

Түркістандағы халықаралық әуежайдың жұмысын жандандыру, жолаушылар ағымы мен рейстер санын көбейту бағытында жаңа жоспарлар жүзеге асады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған салаға жауапты басшыларды қабылдап кеңес өткізді. Әуежайды туризм саласымен үйлестіре отырып дамыту керектігін айтып, жауаптыларға тапсырмалар берді.
Кеңесте Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев пен «Turkistan International Airport» ЖШС-нің басқарушы директоры Ильяс Нугумановтың есептері, жоспарлары тыңдалды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізіп, 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап рейстер орындалуда. Жоба құны 73,1 млрд. теңгені құрайды (әуежай құрылысы – 54 млрд. теңге, арнайы техникалар және өзге шығындар – 19,1 млрд. теңге).
Былтыр әуежайдың табысы 740 млн. теңгені құрады. Әуежайды басқару келісімшарты 01.03.2024 жылы аяқталады.
Қазіргі уақытта, «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы 3 халықаралық (Ыстамбұл, Эль-Кувейт, Абу-Даби) және 7 республикаішілік (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Қостанай) әуе бағыттарына қызмет көрсетуде.
2024 жылдың 15 наурызында «Түркістан – Самарқанд» әуе бағытын ашу бойынша «Qazaq Air» әуе компаниясымен келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ еліміздің Көкшетау және Үшарал (маусымдық) қалаларына әуе рейстерін ашу жоспарлануда.
«YDA» компаниясымен 2024 жылдың 1 наурызында мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты аяқталады. Осыған байланысты облыс әкімімен әуежайды жаңаша бағытта дамыту бойынша жол картасы бекітіліп, жұмыс жүріп жатыр. Әуежайдың басқарушы органы болып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды.
«Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ның жарғысы жаңа редакцияда бекітіліп, әділет органдарында тіркелді «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ның штаттық кестесі қайтадан жасақталып, бекітілді. Бекітілген штаттық кестеге сәйкес, 350 қызметкермен (75%) еңбек келісімшарты түзілді.
Облыс әкімдігінің қаулысымен «Түркістан қаласында халықаралық әуежай салу, пайдалану және басқару» МЖӘ нысаны «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-на сенімгерлік басқаруға берілді. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ арасында әуежайдың мүлкін, техникаларын басқаруға сенімгерлік келісімшарты түзілді.
Облыс әкімі әуежайдың жұмысын жандандыру керектігін айтты.
– Шетелдік әуе компанияларының тәжірибесін зерттеңіздер. Тиімді ұсыныстарды зерделеп, жұмыс жоспарына енгізу керек. Әуежайды дамыту, табысын көбейту жолдары қарастырылсын. Түркістан қаласы мен жалпы облыстың туристік әлеуетін көтеру мәселесі де әуежаймен тікелей байланысты. Ол үшін жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіп, әуе рейстерінің санын көбейту маңызды. Жан-жақты зерттеп, нақты жоспар жасаңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Жуырда Қазақстанның әуе компания басшыларымен кездесу өткізу жоспарлануда. Одан бөлек, навигация қызметтері үшін тиісті мекемелерімен келісімшарттар түзіледі. Әуежайдың табысын молайтуда жолаушылар ағынын 500 мыңға жеткізу жоспарлануда. Бұл нәтижеге жету үшін әуежайға мемлекет қолдауы қажет.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 214 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

smarttop

Пікір қалдыру