19.3 C
Шымкент
Среда, 30 апреля, 2025
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ХАНЫМДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында түрлі салада еңбек етіп, мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Сый-құрметке бөленгендердің арасында мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен коммуналдық сала қызметкерлері бар.

“Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан азаматтық қоғамды, Әділетті Қазақстанды, құқықтық мемлекетті құруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Аяулы аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағы, егемендігіміздің кепілі. Шымкенттің гүлденіп, көркеюінде және мерейінің үстем болуында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен қарымды үлестеріңіз орасан. Шұғылалы көктемнің күніндей көңілдеріңізден қуаныш пен шаттық, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін, — деді қала әкімі.

Мерекелік шара барысында қала әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы құттықтауларын табыс етті.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ ЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

Полицейлер жазасын өтеп жүрген шымкенттік ер адамды ірі көлемді есірткімен ұстады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 144 ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру