3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК АУДАНДАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішев бастаған топ Созақ және Бәйдібек аудандарының кәсіпкерлерімен кездесті.
Алқалы жиындарға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысты.
Теріскейлік кәсіпкерлердің өзекті мәселесі талқыланған басқосуда облыстық кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры Арман Анарбаев 2023 жылы атқарылған жұмыс барысы туралы баяндама жасады. Шараның негізгі бөлігінде сұрақ-жауап кезеңіне кезек беріліп, кәсіпкерлердің көкейіндегі сұрақтарға сала мамандары жауап берді.
«Кәсіпкерлер палатасы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай бизнес пен биліктің арасында алтын көпірге айналуы керек. Тиісінше, қордаланған мәселелердің оңтайлы жолын қарастыру маңызды. Сондықтан, сырлы Созақ өңіріндегі кәсіпкерлік саласының даму динамикасын саралауға арнайы келіп отырмыз. Кәсіпкерлердің мәселесі назардан тыс қалмай жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп шешілуі тиіс», деді Нұралы Әлмаханұлы.
Өңірлік кеңес төрағасы жұмыс сапарында бірнеше кәсіпорынның жағдайымен танысты. Мәселен, «Сырлы Созақ» ЖШС-нің жұмысын жандандыруға инвестор тарту қажет. «Созақ-балық өнімдері» АШӨК Гидропоника және балықтың құрама жемін шығаратын өндіріс орны жобасын жүзеге асыру үшін 1,5 млрд. теңге қаржы керек.
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков кәсіпкерлікті қолдау маңызды екенін атап өтті.
Ал Бәйдібек ауданында аталған топ Шаяндағы «Гүлназ» ШҚ-ға барды. Емдік минералды «Ақтас» суын шығаратын цехты қайта қалпына келтіру мен тасымалдауға қажетті техникалар алу үшін несие 300 млн. қаражат қажеттілігі туындап отыр. Келесі кезекте Өңірлік кеңес төрағасы Жамбыл ауылында орналасқан «Бақыт-Ислам» ЖШС-де болды. Кәсіп иесі өндірістік жылыжайды қайта іске қосу үшін 187,5 млн теңге қаржыны құрайтын инвестициялық субсидияға қол жеткізуге көмек беруді сұрады.
Көшпелі кеңес отырысымен жалғасқан жиын аудан кәсіпкерлерінің түйіткілді мәселелері талқыланды. Басқосуда сөз алған облыстық кәсіпкерлер палатасы Бәйдібек аудандық филиалының директоры Сылқынбек Спабеков өткен жылы атқарылған жұмысын баяндады.
«Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша 199 аудан тұрғынына 1 млрд 293 млн 400 мың теңге көлемінде несие алулары үшін құжаттар пакетін дайындауға көмек көрсетілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 8048,2 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, «ATAMEKEN OIL» ЖШС, «Simrug Trans Oil» ЖШС арқылы 359 шаруаға 5535 тонна дизель отыны таратылды», деді Сылқынбек Әбдіханұлы.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының айтуынша, Өңірлік кеңестің басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқығын қорғау. Облыс аумағы аграрлық аймақ болған соң ауыл шаруашылығы саласын дамытуда да өзекті мәселелерді талқылап жүр.
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмахановтың сөзінше, ауданда 5703 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бизнес өкілдеріне жағдай жасау бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда жыл басынан бері өңірге 3,3 млрд. инвестиция тартылған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕЛАТИН ӨНДІРІСІ ДАМИДЫ

smarttop

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ШЫРШАСЫ ЖАҒЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру