16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең алдымен “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағын таныстырды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан толыққанды тоқыма кластерін аралап, алдағы жоспарларын пысықтады.Қаржы нарығы — ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады.
Бұл аймақ тоқыма химия, мұнай-химия салаларын және ішінара машина жасау өндірістерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық алаң саналады.
Өндірістік пул 65 жобадан тұрады. Онда 4 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда жалпы инвестиция сомасы 58,7 млрд теңгеге 39 жоба іске асып, 1 984 жұмыс орны ашылған. Бөлінген инвестиция соммасы өндірістік дамыту үшін қолайлы деп санап отыр және нысана обьектісі болып табылады.
 БӨндіріс алаңына инфрақұрылым жүргізіп, жағдай жасау үшін бюджеттен 8,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде өнімдерді дамыту үшін қазір 22-ден астам инфрақұрылым нысаны салынды.
Министр аралау барысында “Оңтүстік АЭА» кеден бекетінің бақылау-өткізу пунктімен де танысты.
Сонымен қатар, Мәди Тақиев мегаполиске арнайы жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен және «Бал Текстиль» ЖШС өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ халық пен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МИНИСТР ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҚСЫ БАҒА БЕРДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ:ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА 22 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру