Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы лауазымына Әділханов Бексұлтан Ержанұлы тағайындалды.
Бексұлтан Әділханов М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ құқық мамандығы бойынша, академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондықтан Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажет екенін айтқан болатын. Ол өз Жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойған еді. Одан басқа, Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында Үкімет алдына бірқатар жаңа міндет қойды. Оның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне креативті индустрияны дамытуды қолға алуды тапсырды. Шығармашылық индустрия, креативті экономика немесе білім экономикасы – бұл, ең алдымен, идеялар мен технологиялар негізінде дамитын зияткерлік қызметпен тығыз байланысатын экономика секторы. Бұл уәкілетті орган ретінде министрлік жұмысының ең негізгі бағыты.
Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімі бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 2017-2020 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы болған. 2020-2021 жылдары Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторингі бөлімінің басшысы және ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің басшысы, 2021-2023 жылдары ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласының дін басқармасының басшысы лауазымында болды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі