10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 13 октября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЖАСЫРЫН ЦЕХТАР ЖОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп – тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, алкаголь өнімдерін шығарумен айналысқан жасырын цехттардың қызметін тоқтатты. Атқарушылық іс Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 17 наурыз 2022 жылғы және 06 сәуір 2022 жылғы үкімдеріне сәйкес ҚР ҚК 233 –бабының 2 бөлігімен орындалды. Тергеп-тексеру шаралары кезінде 1975, 1989 жылдары туылған Шымкент қаласының тұрғындарының «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы цехты және қаладағы Құрбан ата көшесінде орналасқан жер үйлердің бірін жалдағаны анықталды. Жасанды есепке алу-бақылау маркалары бар 3 атаулы ( «Родная степь» 5 817 дана бос шөлмектері, «Тау Эксклюзив» 180 дана бос шөлмектері , «Русская на бруньках» 44 дана бос шөлмектері) 6041 бос шөлмек, дайын «Родная степь» 1 200 дана шөлмек алкоголь өнімдері, 18 қорап қақпақтары, 2 тоннаға жуық спирт сұйықтықтары, сондай-ақ, 20 270 дана түрлі бос шөлмектер табылып, жойылды. Айыпталушылар қылмысын толық мойындап, өкінетіндерін жеткізді, сот үкімімен бірі 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, ендібіріне 1 531 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ұқсас ақпараттар

ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТА МЕН АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

ХАЛЫҚПЕН ЕТЕНЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ӘКІМГЕ СЕНІМ АРТУ – ОРЫНДЫ ШЕШІМ

smarttop

Пікір қалдыру