16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

🔷 Қала көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған. Темір жол вокзалы – жол желісінің негізгі өндірістік-шаруашылық бірлігі. Бұл қондырғылар тасымалдау процесін құрайтын соңғы және бастапқы операцияларды, сонымен қатар қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындайдытұжырымдар. Вагон айналымы уақытының 75 пайызы станцияда өтеді.Нысанның жұмысы пойыздар қозғалысының кестесіне, оларды қалыптастыру жоспарына, техникалық құрал-жабдықтарды және технологиялық процесті тиімді пайдалануға сәйкес ұйымдастырылған. Қаражатты пайдалану тәртібі арнайы әкімшілік актімен реттеледі. Оның негізінде пойыздардың қауіпсіз және кедергісіз жөнелтілуі мен қабылдануын, пойыздардың станция арқылы өтуін, сондай-ақ ішкі маневрлік жұмыстардың тиімділігі мен ұтымдылығын бақылау жүзеге асырылады.

🔷 1968 жылы салынған ескі вокзалдың жалпы ғимарат алаңы 1 770,2 шаршы метрді, жолаушыларды өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың жолаушыны құраса, бүгінде қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының аумағы 2 249,33 шаршы метрге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артты. Сондай-ақ, жолаушыларды күту залының аумағы 898,3 шаршы метрден 1 982,3 шаршы метрге дейін артты.

🔷 Жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай 2 күту залы және екінші қабатта фудкорт қарастырылды. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: 23 КОЛЛЕДЖГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

smarttop

Полицейлер есірткі сақтаған ер адамды анықтады

smarttop

Пікір қалдыру