3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАЛАЛАР АРАСЫНДА АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

🔷 “Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М. Ембергенова қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қатысты.

Медициналық көмекті ұйымдастыруға келетін болсақ, дәрігерлерді түсіру үшін мейіргерлік қабылдау функциялары кеңейтілді, 9 бағыт бойынша жалпы практика дәрігеріне алдын ала бармай-ақ арнайы мамандарды қабылдау үшін жағдайлар жасалды. Онкологиялық ауруға күдікті пациенттер үшін «жасыл жол» бағыты бойынша 18 күн ішінде МСАК ұйымдарында тексеру жеделдетілді.

Ағымдағы жылдың 6 айында қатерлі ісіктердің ерте диагностикасы 5,6%-ға ұлғайды, бұл тіркелген тұрғындармен профилактикалық жұмыстың сапасы мен нәтижелері үшін медицина қызметкерлерін ынталандыруға байланысты.

Министрдің айтуынша, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі кеңейді. Егер 2019 жылы 48 ауру бойынша дәрі-дәрмек сатып алынса, 2023 жылы аурулардың тізбесі 126-ға дейін кеңейтіліп, шамамен 4 млн адамды қамтыды.

🔷 Орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қала әкімінің орынбасары енді мамандардың біліктілігін арттыру, оқыту нәтижесіне талдау жүргізу маңызды екенін атап өтті.

🔷 — Бағдарлама балалардың ең маңызды ауруларын (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму орта қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды.
Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайтып, бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады, — дейді аурухананың бас дәрігері Д. Жұмаділова.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер тұрғынның ауласынан 30 келіге жуық сора есірткісін тәркіледі

smarttop

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 826 БАЛА ЕМ АЛЫП ШЫҚТЫ

smarttop

ТЕАТРДЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ АЯСЫНДА ҚАРАША АЙЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ІХ ФЕСТИВАЛІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру