33.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

Құрметті қала тұрғындары!

Қала әкімдігімен кәсіпкерлер арасында жарияланған серуендеу алаңының (бұрынғы балалар темір жолының 2-станциясы) аумағындағы кофехананың үздік концепциясы конкурсына 17 үміткер қатысты.

🔷 Арнайы құрылған 9 мүшеден тұратын комиссияның отырысында ұсынылған концепциялар егжей-тегжейлі қаралып, дауысқа салынды. Дауысқа салу барысында, байқаудың негізгі шарттарын ескере отырып қорытындыланды.
Нәтижесінде, байқау арасында көп дауыс жинаған екі үздік концепция анықталды.

🔷 Олар,
1) А.Асқаров атындағы Дендросаябақ маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясы 7 комиссия мүшесінің даусын жинады;

2) Қажымұқан атындағы спорт стадионы маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «Milita group» ЖШС-нің концепциясы 6 комиссия мүшесінің даусын жинады. Жалпы жеңімпаз болған жобалардың артықшылықтарын айтатын болсақ. Дендросаябақ маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағындағы «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясында Темір жол станциясының бастапқы кейіпі сақтала отырып, Дендросаябақта спортпен айналысатын қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы киім ауыстыру орны қаралған. Оған қоса, локомотиві бар (паровоз) пойызға ұқсатылған әр-түрлі тематикадағы тамақтану орындарының қарастырылған.

🔷 Сонымен бірге, Қажымұқан атындағы спорт стадионы маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағындағы «Milita group» ЖШС-нің концепциясы ескі вокзалды тематикалық жаңашылдың бағытында құрумен қоса балалар пойызының вагондарын қайта қалпына келтіріп, ішін кофетерий ретінде қолдану жобасымен ерекшеленді.

🔷 Оған қоса, жеңімпаз атанған қатысушылар қоғамдық тамақтандыру саласында 15 жылдан аса тәжірибелері ескеріліп кетті.
Бүгінгі таңда, жоғарыдағы аталған нысандарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тиісті құжаттар рәсімделуде.

Ұқсас ақпараттар

Одна елка – сотни улыбок — в Шымкенте прошла Президентская ёлка

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 16 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ АҒЗАСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 50-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру