13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Тұрғындар баспана алу, жұмысқа орналасу, жер телімдерін беру және заңдастыру, инфрақұрылым мен жолдардың сапасын жақсартуға қатысты мәселелерін көтерді. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Ал кәсіп бастап, қаланың әлеуметтік тұрғыда дамуына үлес қосқысы келетін азаматтар да қабылдауға арнайы келді. Бизнеске бет бұрғысы келетін тұрғындарға шағын несие алудың жаңа шарттары, қайтарымсыз грант талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мамандар қала аумағында табысты саналатын кәсіп түрлері бойынша пайдалы кеңестер де ұсынды.Инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы сұрақтар да назарға алынып, қаланы дамыту бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Газ, су, кәріз желілерін тарту, жол жүргізуге қатысты талап-тілектер бойынша тиісті басқармаларға оңды шешімдер қабылдау үшін тапсырылды.Бүгінгі қабылдауда негізінен, мектепке дайындық мәселесіне қатысты сұрақтар жиі қаралды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар балаларының мектеп формасына, оқулықтарға қатысты қажеттіліктерін жеткізді. Білім басқармасының қызметкерлері азаматтар тарапынан түскен өтініштерге қатысты тиісті шешімдер қабылдап, мемлекеттік қолдаулардың талаптарын түсіндірді.

🔷 Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 170 тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдады. Азаматтарды қабылдау мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар халықтың ең күрделі проблемаларын анықтауға да мүмкіндік беруде. Қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды. Әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізген Ғ.Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ — ҚР ИИДМ

smarttop

Көлігінің мемлекеттік нөмірін өзгертіп, өзгеге 90 мың теңге айыппұл әкелген жүргізуші анықталды

smarttop

В Шымкент приехали солдаты из Атырау

smarttop

Пікір қалдыру