16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЕРТЕҢ ЖАҢА СТАДИОННЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

Халық асыға күткен жаңа стадионның құрылысы ертең басталады. Іргетасына алғашқы тас қалау рәсімі 28 маусым күні, сағат 11:00-де Тұран – 2 шағынауданында өтеді.

Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, футбол жұлдыздары мен танымал блогерлер және спорт жанкүйерлері қатысады.35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ, әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.

1. «Астана Арена» – 30 200
2. Алматы Орталық стадионы – 23 804
3. Мұңайтпасов атындағы стадион (Шымкент) – 20 000
4. «Шахтер» Орталық стадионы (Қарағанды) – 19 500

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (немесе Орталық стадион) — Шымкент қаласындағы футбол стадионы. Сыйымдылығы 25000 адам.1969 жылы салынып бітті. Кеңес кезінде «Октябрдің 50 жылдығы» деп аталды. КСРО чемпионаттарында Шымкенттің «Мелиоратор» клубы өз алаңындағы матчтарын өткізіп жүрді. Кейін «Ордабасы» клубының негізгі аренасы болды.2007 жылы тұңғыш рет халықаралық жарыс — «Алма-ТВ» турнирі өткізіліп, оған Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан футбол құрамалары қатысты.2018 жылы стадионға жарықтандырушы бағандар орнатылды.Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте тек Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион бар. Стадион 1969 жылы пайдалануға берілген Сыйымдылығы – 18 000 орын. 2003 жылдан бері «Ордабасы» клубының негізгі аренасы болып келеді. Стадионда электронды табло, 8 жүгіру жолағы және 4 қуатты жарық түсіретін мұнарасы бар. Сондай-ақ аталған нысанда бокс, күрес, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, кикбоксинг, дзюдо, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика және семсерлесуден спорт мектептері қамтылған. Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбековтің айтуынша, арена күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Егер жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тиімділігі артады. Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Мұндай стандартты жолақ елімізде екі қалада ғана бар. Қала басшысы нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті мамандардың пікірін біліп, тиімділігін қарастыруға тапсырма берді. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, алдағы уақытта жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН КОНГРЕСС ХОЛЛ ҒИМАРАТЫНДА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ МАЖАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ

smarttop

Пікір қалдыру