Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері мен жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болды.
Айта кетейік, 35 мың орындық аренаның сыйымдылығы 21 гектарды алып жатыр. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, футбол жұлдыздары мен танымал блогерлер және спорт жанкүйерлері қатысады.35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ, әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.
Шымкентте 1969 жылы салынған бір ғана стадион 18 мың адамға лайықталған. Заманауи арена халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге, қаланың спорттық имиджін жақсартуға, жергілкті халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризмді дамытуға да ерекше серпін береді.Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбековтің айтуынша, арена күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Егер жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тиімділігі артады. Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Мұндай стандартты жолақ елімізде екі қалада ғана бар. Қала басшысы нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті мамандардың пікірін біліп, тиімділігін қарастыруға тапсырма берді. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, алдағы уақытта жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі