4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗІР ДҮНИЕЖҮЗІНДЕ САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛЫП ЖАТҚАНЫНА, СОНЫҢ САЛДАРЫНАН МЫЗҒЫМАСТАЙ КӨРІНГЕН ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ СЫР БЕРЕ БАСТАҒАНЫНА НАЗАР АУДАРДЫ

✔️Осыған орай Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет екенін айтып, Ұйымның алдағы жұмысы және оның басым бағыттары туралы пікірін ортаға салды.
– Түркі ұйымы елдерімен, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен сауда және тасымал көлемін арттыру қажет. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін толық пайдаланған жөн. Бүгінде аталған бағыт бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі күрт артты. Көрсеткіш өткен жылдағы кезеңмен салыстырғанда екі есе өскен. Біз тасымалдың уақытын азайту үшін «Digital Trade Corridor» мультимодалды цифрлық платформасын құрдық. Осы бағытта Әзербайжанмен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда екіжақты теміржол әкімшіліктерінің интеграциясы аяқталды. Осының арқасында былтыр орта дәлізбен жүк тасымалдау көлемі 65 пайызға көбейді, Яғни, 3 миллион тоннаға жуықтады. Ақтау портындағы хаб контейнерлік тасымалдау көлемін 300 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Порт Каспий жағалауындағы елдерге және Орталық Азия мемлекеттеріне қызмет көрсетеді, – деді Президент.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің экономикасын дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды.
– Экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қаржы саласындағы байланысты нығайта түсу керек. Осы ретте Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет. Мен, сондай-ақ, Жалпытүркі патент ұйымын құруды ұсынамын. Биыл Түркі инвестициялық қоры Басқарушылар кеңесінің ұлықтау рәсімі өтті. Оның қызметі экономика және қаржы-инвестиция саласын дамытуға оң әсер етеді деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ИНВЕСТОР ТАРТУ АРҚЫЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

smarttop

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде елге заңсыз кірген шетелдік азамат ұсталды

smarttop

Мұнай-газ, автомобиль саласы. Премьер-министр әріптестеріне бірқатар тапсырма берді

smarttop

Пікір қалдыру