10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 13 октября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАЛҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҮЙГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

🔷 №1 қалалық клиникалық аурухана базасында кезекті 221- ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды.
🔷 Науқастар ерлі—зайыпты, донор — әйелі, ал күйеуі — рецепиент. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған.
🔷 Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берді.

Трансплантологияның жетістіктері — адамзат алдында бұрын жазылмайтын ауру деп саналатын науқастар үшін  емдеудің жаңа, перспективалы   мүмкіндіктерінің   ашылуы. Қазіргі медицинада көптеген мүшелер мен тіндерді трансплантациялауға болады.Біреудің өмірін сақтап қалуға лайықты үлес — бұл адамның өмірін өлімнен кейінгі донорлыққа немесе органның бір бөлігіне өмірлік ерік-жігерін беру, бұл туралы әлемнің әртүрлі өркениетті елдерінде жақсы қолданылатын жақын туыстарына хабарлау.

  Ағзаларды трансплантациялау операциясы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бойынша  ең көп сұранысқа ие. Егер балаларда – туа  біткен және тұқым қуалайтын нефропатиялар, көбінесе, созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне әкелсе, ересектерде — гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, ал үлкендерінде — қант диабеті, подагра, гипертония, атеросклероз, обструктивті урологиялық және онкологиялық аурулар, бүйректің дәрілік зақымдануы маңызды рөл атқарады. Әртүрлі елдерде диализдік емде жүрген науқастардың 20-25%-ын – диабеттік   нефропатиясы бар науқастар құрайды.

Органдарды трансплантациялау біздің елімізде медициналық көмектің жаппай түріне айналған жоқ,  өйткені,        өкінішке орай, қазіргі заманғы трансплантология үшін басты себеп — біздің елде  донорлық органдардың жетіспеушілігі.

Егер туыстары донор бола алмаса немесе сәйкес үйлесімділік болмаса, онда адамның одан әрі өмір сүруіне  қайтыс болған донордан трансплантация жасау мүмкіндігі бар.🔷 Қазір екі пациенттің де жағдайы жақсы. Бүйрегін алмастырған науқастар үйге шығарылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«НҰРЛЫ КӨШ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ 927 ТҰРҒЫН ҮЙ БАНК АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛДІ

smarttop

БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ЖИҺАЗДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру