13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары қандай болмақ?

2024-2026 жылдары қаланың бюджеттік саясаты мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Орта мерзімді перспективада бюджетті жоспарлау олардың басымдылығының, бюджет қаражатын үнемдеу режимінің сақталуын және тиімсіз шығындарды қысқартуды ескере отырып жүзеге асырылатын болады. Қажет болған жағдайда бюджеттік параметрлерді нақтылау бойынша жедел шаралар қабылданатын болады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойылған міндеттерін ескере отырып, 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негізгі басымдықтары:

  1. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
  2. Халыққа толық көлемде бюджеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  3. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  4. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
  5. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
  6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту;
  7. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту;
  8. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
  9. Кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті қолдау.

Ары қарай кеттік.

Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары:

Денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласындағы объектілерді салуды және желіні кеңейтуді көздейтін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қаралуда.

Қалада 150 орынды мүгедектерді оңалту орталығы, 700 орынды опера және балет театры, 35 000 орынды футбол стадионы, 5000 орынды спорт аренасы, 200 орынды перинаталды орталық, саябақ, 4 жол айрық, кәріз тазарту имаратының құрылысы жүргізілетін болады.

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары:

Қазақстан Республикасы мен Шымкент қаласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары қаланың экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезіндегі негізгі бағыттар:

  • Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
  • ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, газдандыру, су және жылумен қамтамасыз ету;
  • Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • Көлік инфрақұрылымы.

 

Соңғы тоқталатынымыз — инфляция мәселесі.

Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі
2024-2028 жылдары жылдық инфляция деңгейін тежеу болады, ол үшін апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі практиканы жалғастыру жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтыру, көтерме және бөлшек сауда азық-түлік нарықтары мен сауда инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғастырылатын болады.

Иә, экономика өрлеп, халықтың табысы артты дегенімізбен, инфляция ырық бермесе, онда кедейшіліктен құтылмайтынымыз анық, тойып ас та іше алмаймыз. Сондықтан жергілікті билік инфляцияны тежеуге барынша күш салады деп сенгіміз келеді.

 

Барлық салада жасалынатын жұмыстардың жобасы туралы қысқаша, дегенмен нақты баяндап бердік. Осы жобаларға көз сала отырып Шымкенттің алдағы уақыттарда қалай өзгеретінін елестетуге болады.

Иә, мақсат айқын. Бірақ сол мақсаттарға жету үшін ниет пен еңбек, ерік-жігер керек. Бүгінгі әкім Ғабит Сыздықбековтің бойынан бұл қасиеттердің табылатынына сенеміз. Соның арқасында таяу жылдарда мегаполисіміз қазіргіден де жарқырап шыға келмек. Біз соған үміттіміз.

Кенже ШЫҢҒЫСБЕК.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАНКҮЙЕР ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

Полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тапты

smarttop

50 ШАҚЫРЫМ КӨШЕНІҢ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру